Мақалалар

Тәуелсіздік пен зайырлылық

Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Бүгінде біз –  көк туымыз желбіреп,  қанатын кеңге жайған егеменді елміз.

Қазақстан өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекттік рәміздері, ұлттық валютасы мен ұлттық құндылықтары, салт – дәстүрі мен мәдениеті бар тәуелсіз, зайырлы елге айналғанын ауыз толтыра айта аламыз. Қасиетті  Тәуелсіздік ұғымы әрбір қазақстандықтың жүрегінде, көңілінің төрінде мәңгілік маздап, санасына нұрлы шуағын шашып тұратын киелі ұғым.

Тәуелсіздік – әрбір адам­ның, ұлттың, халықтың, елдің ер­кіндігі. Өз алдына дербестігі, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаны. Әлемде өз тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған, оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы қалыптасқан екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар.

Бүгінгі бейбіт күннің кепілі болған ел егемендігіне жету үшін бабаларымыз сан ғасыр­лар бойы күресіп, қасиетті жері­міз­ді бізге мұра етіп қалдыр­­ды. Тәуелсіздік азап пен төзім­нің, еркіндікті аңсаған шыдамның өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде таныл­ғанына міне, ширек ғасыр­­дан асты. Тәуелсіздік мере­кесін бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінетін жағ­дайға жетті. Бейбіт елдің ең басты жетістігі ұлтаралық татулық пен береке-бірлік екені сөзсіз. Бұл ұлы күнді келер ұр­пақтың санасына сіңіріп, бақытты ел­де өмір сүріп жатқан­дарын бағалауға үйрету керек.

Сонымен бірге зайырлылық пен діншілдік бір-біріне қайшы келмейді, өйткені біріншісі басқару нысанын білдірсе, екіншісі рухани қажеттіліктерді реттейді. Мұндай бөліну, егер ол түбегейлі жоймаса да, кез келген жағдайда бір идеологияны екіншісіне қарсы қоюмен байланысты тәуекелдерді барынша азайтады. Ең алдымен, бұл айтылғандар кез келген мемлекеттің басты басымдығы болып табылатын ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты екенін ұмытпауымыз қажет.

Азаматтардың дінге көзқарасына, сеніміне қарамастан тең болуы керек. Бұл зайырлы мемлекетте бір адамның дінге, наным-сенімге деген көзқарасы негізінде бір адамның құқықтары мен бостандықтарына, екінші бір адамның артықшылық жағдайына қол сұғуға жол берілмеуі керек дегенді білдіреді. Азаматтар кез келген дінді емін-еркін ұстануға немесе ешбір дінді ұстанбауға құқылы.

Ресми құжаттарда азаматтардың дінге көзқарасын көрсетпеуге құқығы бар. Мемлекет дінге қатысты бейтараптықты ұстанады және діни бірлестіктерге олардың қызметі үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасайды.

Осылай қамтамасыз етілген қоғамның толеранттылығы мен бірлігі Қазақстанның халықаралық беделіне оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн. Біздің конфессияаралық келісім тәжірибемізге арналған шетелде көптеген форумдар мен конференциялар соның дәлелі бола алады. Қазақстанның әлем мойындаған діндер мен өркениеттер диалогы алаңдарының бірі болуы кездейсоқ емес.

А.Айтжан

«Әт-Тақуа» мешітінің

Бас имамы                                                                                                

 

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля