Мақалалар

ШЕТЕЛДІК ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРДЫҢ ҚАУПІ

Қазіргі таңда деструктивті діни идеологияның алдын алудың бірден-бір жолы – діни білім деңгейін арттыру. Сондықтан отандық дін саласындағы мамандарға қойылатын талаптарды күшейтіп, білігін шыңдау маңызды болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасында дін саласындағы мамандарға қажеттілікке айрықша мән берілді. Ел азаматтарының шетелде діни білім алуының реттелмеуі, олардың деструктивті діни идеологияның жетегінде кетуіне және өз елінде маман ретінде сұранысқа ие болмауына әкеп соқтырады. Шетелдің күмәнді діни оқу орындарына оқуға кеткен қазақстандықтарды елге қайтару проблемасы әлі де өзекті болып отыр.

Соңғы жылдары кейбір жастар шетелдегі күмәнді діни оқу орындарына да бет бұрып жатыр. Бұл оқу орындары өздерін “ислам университеті” деп таныстырғанымен, көп жағдайда қандай да бір діни ағымның немесе сектаның ықпалындағы бейресми орталықтар болып шығады. Олар діни білім беруді желеу етіп, жастардың санасын улайды, радикалды идеологияны насихаттауы мүмкін. Еліміздегі діни оқу орындарын елемей, діни маманнан бағыт бағдар алмай, эмоциональды шешім нәтижесінде ұлттық құндылықтарын  басқа менталитетпен араластырып алып жататындар аз емес. Осы тұста шет елде білім алудың қауіптілігін көрсете отыра діни білім алушыға бірнеше бағытты ұсынамыз.

Қазақстан азаматтары діни білім алуды шетелдік оқу орындарында жалғастырғысы келген жағдайда, алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (ҚМДБ) арнайы жолдама алуы тиіс. Ресми рұқсатсыз өз бетімен шетелге барып, діни білімін жетілдіруге тырысқан тұлғалардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі әлдеқайда жоғары. Сондықтан жастардың діни сауатын отандық, ресми түрде тіркелген оқу орындарында жетілдіруі маңызды.

Қазіргі таңда кейбір жасөспірімдер Түркия, Египет, Пәкістан, Сауд Арабиясы сынды елдердегі діни оқу орындарына барып, радикалды көзқарасқа бет бұрып жатыр. Ондай орталықтардың кейбірінің Қазақстанда тыйым салынған діни ағым өкілдерімен байланысы бар. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке де, жеке адамның тағдырына да қауіп төндіреді.

Көптеген ата-аналар «балам діни білім алады» деп қуанып жатады, алайда олар қандай мазмұндағы білім берілетінін тексермейді. Нәтижесінде, бала өз мәдениетін, ұлттық құндылықтарын жоққа шығарып, жат идеологияның жетегінде кетуі мүмкін.

Сонымен қатар, күмәнді діни оқу орындарының тағы бір «артықшылығы» – қаржылық қолжетімділігі. Олар тегін оқу, тегін жатақхана, кейде стипендия ұсынып, ата-ананы да сендіреді. Бірақ ол оқу орнының қандай бағыт ұстанатыны, студентке не үйрететіні көп жағдайда ашық айтылмайды. Мысалы, Қазақстанда уахабизм, тәкфиризм, такфиршіл ағым өкілдері заңмен қудаланатынына қарамастан, кейбір жастар осы бағыттағы шетелдік «медреселерде», «марказдарда» білім алып келіп, өз таныстары арасында радикалды идеяларды тарата бастаған.

Осы тұста Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтқан ой пікірі сөзіміздің тұздығы болмақ. Ол өз сөзінде:

«Діни білім алу – үлкен жауапкершілік. Біз жастарымызды ҚМДБ-мен бірлескен, сенімді оқу орындарына ғана жіберуге кеңес береміз. Қазіргі таңда Египеттегі Әл-Азхар университетімен тығыз байланыс орнатылған. Бұл – ресми, беделді, дәстүрлі исламды ұстанатын оқу орны. Ал Йемен, Пәкістан, Сириядағы жерасты мектептері – қауіпті. Олардан шыққандардың біразы елімізде тыйым салынған ағымдарға бет бұрып жатыр.

Қорытындылай келе, діни білім алғысы келетін жастарға арналған төмендегі бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

  1. Діни білімге қызығушылық білдірген жастар міндетті түрде ҚМДБ-ның арнайы бағдарламалары мен ұсынылған оқу орындар тізімімен танысуы керек.
  2. Оқу орнының лицензиясы мен танымалдылығын тексеріңіз. Қай елде орналасса да, ол оқу орнын сол елдің білім министрлігі мойындауы тиіс.
  3. Жалған уәде беретін агенттіктерге сенбеңіз. Әсіресе «1 жылда имам боласың», «тегін оқуға апарамыз» деген ұсыныстар – көбіне жалған болып келеді.
  4. Діни білімді ең алдымен Қазақстаннан алыңыз. Ресми медресе-колледждер мен университеттерде алғашқы білім алғаннан кейін ғана шетелде оқу қарастырылады.

 

Оразғалиев Қуаныш

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан

 жапа шеккендерге көмек орталығы»

қоғамдық қорының теолог маманы

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля