Археологтар су астынан ежелгі жәдігерлерді тапты
Zhanibekov University археологиялық орталығының зерттеушілері Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Бөген су қоймасында барлау жұмыстарын жүргізді. Биыл жыл басынан басталған қуаңшылықтың салдарынан қойманың арнасы тарылған еді. Су қоймасы астында қалған тарихи-мәдени ескерткіштерге экспедиция бір аптаға жалғасып, нәтижесінде құнды жәдігерлер табылды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бұл жәдігерлер – кейінгі палеолит пен мезолит кезеңіне тиесілі еңбек құралдары. Бір жерде шоғырланған кейінгі палеолит кезеңіне тиесілі 10-ға жуық халцедон тасы, нуклеустер және кесуге, жонуға арналған тас пластиналар бар. Су эрозициясы нәтижесінде тас кезеңіне тиесілі жәдігерлер мұқият зерттелінді.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Археологтар су астынан ежелгі жәдігерлерді тапты | Қазақстандағы Ислам
