Жаңалықтар

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне ене ме?

Қазақстанға ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес (ИКОМОС) өкілі, ежелгі сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру және консервациялау мәселелері бойынша танымал сарапшы Фиген Кывылджым Чоракбаш келді. Сарапшыны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қабылдады. Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңестің (ИКОМОС) техникалық бағалау сарапшысы, профессор Фиген Кывылджым Чоракбашпен кездесу барысында Аида Балаева биыл ЮНЕСКО-ға ұсынылған «Маңғыстаудың жерасты мешіттері» номинациясын қарау барысын талқылады. Профессор Чоракбаш Қазақстанға аталмыш нысандарды жан-жақты зерттеп көру үшін арнайы келді. Министр «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында екенін атап өтті. Аида Балаева профессордың сараптамалық қорытындысы Қазақстанның бірегей мәдени нысанын Адамзаттың Бүкіләлемдік мұрасының бір бөлігі ретінде мойындатуға айрықша үлес қосатынына сенім білдірді.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне ене ме? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 23 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля