Жаңалықтар

Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің ұштастығы

Ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйек күні Қызылқоға ауданында Көздіқара ауылдық округінде облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің ұштастығы» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Н.Ғизат, аудандық «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы»қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы қатынасты.  Орталық маманы Н.Ғизат кездесу қонақтарын ауыл тұрғындарымен таныстырып, кездесудің  негізгі мәселелерін айтып өтті. Сонымен бірге дін мәселесіне байланысты қарым – қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасындағы Заңдар мен онда қарастырылған жауапкершіліктері туралы әңгімеледі. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы М.Сұлтанов :«Ұлттық бірегейлікті сақтау», «ұлттық жаңғыру» деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар: біріншіден, ұлттық сана сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту»-дей келе, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екендігін нақтылап өтті. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Ш.Темірқұлұлы дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды жоққа шығаратын, зайырлы мемлекетімізге қауіп төндірер жат ағымның шығу тарихы мен оларды қалай ажырату керектігі жөнінде айтып өтті.

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля