Атырау мешіт имамдары мен қызметкерлері біліктілігін арттырды

Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы КММ мемлекеттік тапсырысы аясында Шапағат деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» атты мешіт қызметкерлері мен имамдарына арналған бір күндік біліктілікті арттыру курсы өткізді.

Діни қызметкердің кәсіби шеберлігін және ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болуы – қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтудың кепілі және діни қызметтің сапасын арттырады.

Аталмыш семинарды өткізудің бірден-бір мақсаты жамағатпен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болатындықтан имамдардың кәсіби біліктілік пен жан-жақты білімді болу өте маңызды екендігін ескерген жөн. Дін қызметкерлерінің деңгейін көтеру, біліктілігін арттыру дегенде тек қана діни тұрғыдан емес зайырлылық, заңнамалық, әдеби-мәдени қарым-қабілетін арттыру тұрғысынан да қарау. Семинарды «Иманғали» Орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ашып, бағыт бағдарын атап өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев «білім алудың маңыздылығы», «Қазіргі таңдағы хадистану мәселелері», «Діни мәтіндерді түсінудің ғылыми негіздері» тақырыпта дәріс оқып, бір күндік курсты толықтай атқарып шықты.

Аталмыш курс Атырау қаласы мен аудандарды қамтып, 33 имам қатысты. Айта кету керек, шара аяқталған соң барлық мамандарға арнайы сертификаттар табысталды.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля