Радикал діни идеаларға қарсы көзқарасты күшейту — заман талабы

Халықтың діни сауатын арттыру мен дінаралық келісімді нығайту мәселесінде дін өкілдердің атқарар қызметі ерекше. Егер Қазақстан халықының 70 пайыздан астамы ислам дінін рухани бағдар ететіндігін ескерсек, имамдардың, теологтардың халық арасында және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-насихаттық қызметке араласу қажеттілігі туындауда.

Өйткені, бұл еліміздің дін саласында ешқандай мәселе жоқ дегенді білдірмесе керек… Өкінішке қарай, дінді біржақты түсінетін радикалдық ағымдардың идеяларының ұстанушылары тарапынан елімізде соңғы 5 жылда бірқатар лаңкестік оқиғалардың орын алғаны мәлім. Десек те, осындай оқиғалардың өзі елімізде қалыптасқан діни ахуалдың тұрақтылығына сызат түсіре алмайтынын айта кеткен жөн. Қазақстандық қоғам былтырғы  жылы Ақтөбеде орын алған террористік оқиғалар кезінде өзінің кемелдігін көрсетіп, діни экстремизм мен терроризм идеяларын мүлдем қабылдамайтындығын көрсетті.

Неліктен, өйткені  терроризм – идеология,  доктрина, тіпті жүйелік пікір де емес. Бұл – стратегия. Олар бүкіл әлемді «жақсы» және «жаман» деп екі топқа бөліп, өздерін «жақсы» категориясына жатқызады. Лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін міндетті түрде сценарий дайындап, «а» және «б» жоспарын жасайды. Терроризм жарқын болашақ пен жаңа мүмкіндіктерге үміттендіреді. Бұлыңғыр болса да үнемі саяси мақсат мүддесі болады. Бұл халықаралық саясаттың бір бөлігі, сол себепті сырттан келетін қолдау арқылы іске асады. Террорлық ұйымдар ең алдымен идеологияларын дамытып, кітап, журнал, әлеуметтік желі және қолдарынан келгенше БАҚ арқылы қатарларын пікірлері сәйкес келетін адамдармен толықтырады. Терроризмнің төркінін бұл күнде Шығыстан, мұсылман елдерінен іздеу кең өріс алып отыр. Оған діни сипат беру қате. Шын мәнінде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстырудың негізі жоқ. Бейбіт тұрғындар өмірін жалмайтын террорлық актілерді жасаушылардың діні, мәзхабы болмайды. Террорлық қимылдарға кез келген ұлттың өкілі, кез келген діннің атын жамылушы без­бүйректер бара алады. Өкінішін, кегін, тағдырына мойын ұсынбауын террорлық топқа қосылумен ақтағысы келеді. Лаңкестік әрекеттер әлемді дүр сілкіндіруде. Лаңкестікке қарсы күрес жүргізу барысында қауіпсіздік тақырыбының маңызы мен сыртқы саясаттың адам құқықтарына, демократияға, плюрализмге, заң үстемдігіне қатысты маңыздылығын ескеру басты мәселелердің бірі. Еліміз сыртқы күштердің қолдауын тауып отырған террорлық ұйымдардың нысанасына айналмауы үшін халықаралық заңға құрмет көрсететін, рационалды, ұлттық мүддені алға қоятын, салт-дәстүрін құрметтейтін, рухани, патриоттық және бейбітшілік пен достастық қағидаларына негізделген саясат ұстанғаны абзал.

«Шапағат» деструктивтік діни

ағымдардан жапа шеккендерге

 көмек орталығы» қоғамдық қорының

  теолог маманы С.Сариев

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля