Абай Құнанбайұлының жеті тілге аударылған кітабының тұсауы кесілді
Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті. Жинақ білім, адамгершілік, қоғам және рухани даму жөніндегі идеялары бүгінгі таңда өзекті болып отырған тұлға – Абайдың философиялық мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Бейімделген нұсқаның авторы – көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз, қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы, кәсіби қызметін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға арнаған – Гүлмира Амандықова. Кітап ағылшын, испан, қытай, неміс, орыс, түрік және француз тілдеріне аударылған.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Абай Құнанбайұлының жеті тілге аударылған кітабының тұсауы кесілді | Қазақстандағы Ислам
