Мақалалар

Балаға жақсы есім қоюдың маңыздылығы

Алла тарапынан бізге міндеттелген маңызды істердің бірі – соңымыздан салиқалы ұрпақ қалдыру болып табылады. Сол себепті мұсылмандар сәбидің дүниеге келуінің алғашқы кезінен-ақ балаларының бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысады. Бала тәрбиесінің «бастапқы нүктесі» – азан шақырып, есім қою рәсімі екенін білеміз. Жаңа туған нәрестені әдемі, үйлесімді және мағыналы есіммен атау – болашақ тұлғаның бойында белгілі бір қасиеттердің болуын қамтамасыз етеді деген ырым бар. Қазақ халқы ежелден, тіпті исламға дейінгі дәуірде де ат қоюға мұқият болған. Исламның қабылдануы есім беру рәсіміне өзіндік түзетулер енгізді. Қазіргі заманда қазақ отбасыларында ат қою рәсімі ислам дінінің негіздері мен жергілікті мәдени ерекшеліктерді қамтиды. Қасиетті Құранда есім қоюға қатысты келесідей аят бар: (Сонда Алла Тағала періштелері арқылы): «Уа, Зәкәрия! Сені есімі Яхия болатын ұлмен сүйіншілейміз (қуантамыз). Біз бұған дейін ешкімді оған аттас қылған емеспіз (яғни, оның атын ешкімге қойған емеспіз)», – деп уахи етті» («Мәриям» сүресі, 7 аят). Бұдан бөлек, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі) өзінің бір хадисінде: «Қияметте өздеріңнің және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар. Сондықтан балаларыңа жақсы ат қойыңдар», – деп мұсылмандарды жақсы ат қоюға үндеген.

Балаларымызға қандай есім беру керек? Дініміздің тұрғысынан ең әдемі есімдер қандай? Біріншісі: «Абд» (құл) және Алла Тағаланың есімдерінің қосындысынан туындаған Абдулла («Алланың құлы»), Абдуррахман («Рахманның құлы»), Абдуллатиф (Ғайыпты білушінің құлы) және т.б. есімдер. Екіншісі: Алланың пайғамбарлары мен елшілерінің есімдері. Аталмыш санаттағы есімдердің кейбірі: Адам, Ыдырыс, Нұх, Салих, Ибраһим, Исмаил, Исхақ, Юсуф, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Юнус, Ілияс, Зәкәрия, Иса, Мұхаммед. Бұл аттардың ішінде, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімінің орны ерекше. Ата-бабаларымыз балаларын «Мұхаммед» деп атамай «Махамбет, Мәмбет, Мұқан, Мұқаш» және т.б. деп атауына келсек оның да өзіндік себебі жоқ емес. Мәселен, Әзірет Омардың (р.а.) кезінде мынадай бір оқиға орын алған екен. Бір күні Мұхаммед ибн Зәйдке әлдекімнің «Әй, Мұхаммед! Осы істі басыңа салған – Алла» дегенін естіген Омар Зәйдті шақырып алып: «Сен үшін адамдар Алла елшісін сөгуде. Аллаға ант етейін, бұдан былай Мұхаммед деп аталмайсың», – деп, атын Абдуррахман деп өзгерткен екен. Үшіншісі: ізгі адамдардың есімдері. Яғни, сахабалардың, ғұламалардың, салихалы әйелдер мен ерлердің есімдерін қою керек. Бұның бәрі бала соларды жақсы көріп, құрметтеп өссін, мінез-құлқы, ізгілігі мен білімге талпынуында олардан үлгі алсын деген ниеттен туындайды. Төртіншісі: бұл санаттарға жатпайтын есімдер. Біздің мәдениетіміз үшін дәстүрге айналған және әдемі мағына беретін ізгілікті, батылдықты, тектілікті және тақуалықты білдіретін, айтылуы жеңіл, естілуі әдемі, ең бастысы иесіне жарасатын есімдер. Балаларымызды теріс мағыналы, Исламға қайшы ұғымдармен атауға тыйым салынатынын да есімізден шығармағанымыз абзал. Қорыта келе, халқымыз тарихтағы атақты тұлғалардың және қасиетті Құраннан есімдері қойылған балалар өскенде есіміне дақ түсірмей аты затына сай ұлағатты азамат болып өсіп, қалыптасады деген ойда болған. Алла баршамызға ізгі, салихалы, қайырлы, саналы ұрпақ нәсіп етіп, олардың біз үшін жасаған амалдарын қабыл етсін! Әмин! Алматы облысы, облыстық Қапшағай мешітінің найб имамы Сакен Еншібайұлы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Балаға жақсы есім қоюдың маңыздылығы | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 день

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля