Биылғы құрбан шалу рәсімі ерекше аталмақ

Ассалаумағалейкум, қадірменді достар!

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы (мүфтият) өкілдері биылғы Құрбан айт мерекесі 2020 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтетіндігін хабарлады.

Бұл хабарламаны муфтият өкілдерінен жыл сайын асыға күтетініміз сөзсіз. Көбіне айт намаздарының оқылу шарттары мен уақытын талқылап, жариялайтын еді.

Бірақ биылғы Құрбан айт меркесі Қазақстан Республикасының тарихында ерекше аталып өтпек. Ерекшелігі Құрбан айт намазы оқылмауы және Құрбан айт меркесіндегі айт намаздарынан кейін Алланың разылығы үшін және отбасының, елдің амандығы үшін құрбан шалу рәсімінің онлайн форматта өткізілуі. Иә, иә, онлайн!

Бұл жөнінде ҚМДБ-ның төрағасы Өтпенов Наурызбай Қажы Тағанұлының қатысуымен брифинг өткізіліп, онлайн форматта өтетін құрбан шалу рәсімдерінің қалай ұйымдастырылатынын айтқан еді. «Құрбандық 2020» жобасы да іске қосылды.

Бұған әлемді жаулап алған індет себеп болуда. Сәйкесінше бес парыздың бірі болған Хажылық сапарына да уақытша тиым салынды. Қабылданған шешімдер адамзат баласын індеттің алдында аман алып қалудағы міндеттің талабы деп ойлаймыз.

Дін мамандарының айтуы бойынша қабылданған шешім шариғаттың негізгі қағидалары мен ережелеріне томпақ келмейді. Қарап отырсаңыз бұл Ислам дінінің түрлі жағдайларға қарсы өзінің жұмсақтығы мен өміршеңдігін дәлелдейді. Көргендеріңіздей дінде зорлық жоқ! «Дінде зорлық жоқ дейсіз, бірақ, онлайн форматта өткізбей, келесі жылға қалдырсақ болмайды ма?» деген сұрақ болуы мүмкін.

Иә, бұндай шешім қабылданса да дін тұрғысынан зиян болмас еді. Бірақ жыл сайын құрбандық етінен дәм тататын, жылына бір рет болса да құрбандық етінен өзінің пайын алатын мұқтаж жандардың дастархандары етсіз қалар ма еді? Құрбандық етін асыға күткен мұқтаж жандардың көңіліне сызат түспесіне кім кепіл? Қабылданған шешім қоғамдағы мұқтаж топтардың игілігі үшін және карантин уақытында өте қажетті шешім.

Қорықпаңыздар, жіберілген қаражат құрбандық малын табады. Имамдар немесе басқа да адамдар бөлінген ақшаға, малға қолын сұқпайды деп сенемін. Алланың аманатына ешкімнің қолы жүрмейді. Өйткені бұл жәй ғана садақа емес. Алланың өзі бұйырған құрбандық шалу садақасы. Аманатқа қиянат жасау Алланың алдында үлкен күнә және жазасы да ауыр.

Қабылданған шешімнен кейінгі ендігі мәселе «Құрбандармызды қалай және қайда шаламыз?» деген сауал мазалауы мүмкін.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынысымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «https://qurban2020.kz/kk/» сайты іске қосылады. Бұл сайтта Атырау облысы бойынша құрбан шалу таңдалады.

Егер құрбан шалу нитетіңіз болса, үйден шықпастан «https://qurban2020.kz/kk/» сілтемесі арқылы шалғыңыз келген мал түлігіне (қой, ешкі, сиыр, түйе) онлайн түрде тапсырыс беріп, төлемдерді Kaspi.kz онлайн-банкингі арқылы жүзеге асыруға болады.

Құрбан шалуға жауапты мамандар Сіздің өтінішіңіздің негізінде Сіздің атыңыздан құрбан шалады.

Тағы бір ерекшелігі Эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрбандық еті толығымен тек мұқтаж жандарға таратылады. Түсіндіріп айтқанда құрбандық шалушы адамның құрбан етінің бір бөлігін алып қалу мүмкіндігі болмайды.

Сондықтан, құрметті достар! «…онлайн тапсырыс бердім, бірақ құрбандық етімнің бір бөлігі келмеді. Қайда кетті? Имамдар жеп қойды алдандым…» деген артық әңгімеге жол бермейік. Шалынған құрбандарыңыздың суреттері мен бейне-түсірілімдері бойынша барлық ақпараттар сіздің жеке ватсап номеріңізге жіберіледі. Бас кезден таңдауыңызды дұрыс жасағандарыңыз жақсы. Сенбесеңіздер артық ғайбатқа, арам ойыға берілмей құрбандық ақшасын сенімді деген ұйымдарға бағыштаңыздар. Имамдардың абыройын лас сөздермен кірлемейік.

Тағы да айта кететін мәселе, ауылдық жерлерде немесе жер үйлердің аулаларында жеке адамдардың құрбан шалу мүмкіндігі болса, өз шаңырақтарында да құрбан шалуға болады. Тек санитарлық-эпидемалогиялық нормалардың талаптарын сақтау қажет.

Онлайн форматта өтетін құрбан шалу рәсімі жыл сайын мешітте немесе мал соятын жерлерде құрбан шалып үйреніп қалғандар үшін қабылданған шара.

Өйткені кейбір адамдарда «онлайн» дегенді еш шалуға болмайды деп ойлап қалып жатады.

Алла ниеттеріңізді қабыл етсін! Шалынған Құрбандарыңыз қабыл болғай!

Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы

Мусаев Қаһарман Рахметұлы

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля