Қазақстанда 22 080 жетім бала бар

Қазақстанда 22 080 жетім бала бар, оның 3 790-ы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жетім балалардың құқығын қорғау мақсатында отбасылық құрылымның баламалы нысандары енгізілді. Сонымен қатар қамқоршыларды, асырап алушы отбасыларды материалды ынталандыру көзделген. Бүгінде елімізде 22 080 жетім бала бар, оның 3 790-ы балалар үйінде тәрбиеленуде. Одан бөлек, ел өңірлерінде жетім балаларға қолдау көрсету және өмірге бейімдеу бойынша «Балалар үйі түлектерінің өмірі мен мансабын жоспарлау» жобасы іске асырылып жатыр», – деді Еділ Оспанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, вице-министр еліміздегі ерекше балалардың жағдайына тоқталып өтті. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар 188 мың баланың құқығы ерекше назарда. Оның 97% психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Жалпы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық және жекеменшік ұйымдарда қосымша білім алу және түзету-педагогикалық қолдаумен 183 159 ерекше бала қамтылды. Бұл – жалпы санның 97,4 пайызы. Ерекше балаларды оңалту бойынша олардың жеке қажеттілігіне қарай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары қарастырылған», – дейді ол. Қайнар көзі: inform.kz

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақстанда 22 080 жетім бала бар | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 874Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля