«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне бас имам тағайындалды

4 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне бас имам тағайындалды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне жаңа бас имам болып, осыған дейін ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков тағайындалды.

Бұл туралы мешіт ұжымына арнайы жиналыс өткізу сәтінде Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлім етті.

Бас мүфтидің бұйрығын оқып берген Ерболат Жүсіпов Хамзат имамды жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жаңа жауапты қызметке ауысып бара жатқан Бауыржан Есмаханға жамағаттың атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

Ал, бұған дейінгі бас имам қызметін атқарған  Бауыржан Есмахан Алматы қаласындағы «Арафат» мешітінің бас имамы, мешіт жанындағы «Арафат» қайырымдылық мекемесінің директоры қызметіне ауысты.

Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы

1984 жылы 27-қаңтарда СҚО, Айыртау ауданы, Шолақ-Өзек ауылында дүниеге келген.

2001 жылы СҚО, Айыртау ауданы, Карасевка ауылындағы орта мектепті тамамдады.

2001-2004 ж.ж.  Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде  «Исламтанушы және имам хатиб» мамандығы бойынша оқыды.

2004-2008 ж.ж. Либия мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру” Университетін «Араб тілі және исламтанушы» мамандығы бойынша тамамдады.

2008-2009 ж.ж. Либия  мемлекетінің Триполи қаласында орналасқан «Исламға Шақыру» Университетінің магистратурасының дайындық кезеңін тамамдады.

2015-2017 ж.ж. Шымкент қаласында орналасқан Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетінде педогогика мамандығы бойынша магистратура бітірді, Факультет:  6M011900 Педогогика. Диплом ЖООК-М № 0122002

2009-2011 ж.ж. Қазақстан Республикасының Либиядағы Дипмиссиясында кезекші комендент-аудармашы қызметін атқарды.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап СҚО, Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінде ұстаздық және www.sko-kmdb.kz мешіт сайтының администраторы қызметін атқарды.

2017 жылдың  қараша айында ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля