Жат ағымнан сақтанайық

Қазіргі таңда халық арасында неше түрлі топтар, бағыттар пайда болып, адамның санасын улап, адамдарды неше түрлі әрекетке апарып, түбінде бір айрандай ұйып отырған отбасы, бір-біріне қарсы келіп, әкесі баласын тыңдамай немесе баласы әке-шешесін тыңдамайтын жағдайға жетіп отыр. Балалары Исламға бет бұрдық деп, ата-анасының дәмді тағамдарын ішпей, «кәпір» деп үкім тағып  немесе «сендер адасқансыңдар», «бидағат» жолда жүрсіңдер» деп неше түрлі сөздер айтып жатқан қаншама азаматтар бар. Ал, Ислам діні бұл адамзат баласының көркем мінезділігімен қалыптасатын жағдай екенін олар ұмытты.

Кейбір жастар діннің негізгі мақсаттарына үңілместен, негізгі мән бермейтін мақсаттарына үңіле бастады.  Мәселен, Алла Тағаланың сипаты, Алла Тағала қалай тұр немесе отырма, екі қолы, екі көзі барма деген мәселелерді талқылайтын жағдайға жетті. Ал, негізінен бұл адамзат баласының деңгейінде талқыланатын, ойландыратын мәселе емес. Адамзат баласының деңгейі Құдайдың жаратқан жаратылысына қарап, иманымызды тәубе етіп, Ислам және Ислам құндылықтарының біздің салт-дәстүрімізбен етене аралас екенін ұғыну.

Одан кейін біздің Ислам дінін қарасаңыз, ата-анаға жақсылық жасауды, туған туысқандармен жақсы қарым-қатынаста болуды, қоғамға пайдасын тигізіп, отбасы құндылықтарын сақтау керектігін дәріптейтінін көп жастарымыз естен шығарғанына жанымыз ашиды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді дана қазақ.  Сондықтан,  жоғарыда аталған мәселені есіктен емес, бесіктен іздеу керек.

 Қазіргі уақытта ата-аналардың басым көпшілігі баланың материалдық қажеттіліктерін өтеумен айналысып кетті. Оны оқытып, білім алуға жол ашсам деп күйбең тіршілік жетегіне жегілді. Ал баланы қолындағы телефоны мен сол телефондағы интернет желісі тәрбиелеуде. Осындай немқұрайлықтың зардабынан қолына қару алып, қаныпезер атанып жатқан жастарды  көріп жүрміз.

 «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов атамыз. Ұрпақ тәрбиесін оң жолға қоя білсек, жастарымыз жат ағымнан аулақ болары сөзсіз.

Атырау облысы Дін істері басқармасы

Ақпараттық-талдау орталығының маманы

Құжырбаев Сейітжан Бауыржанұлы

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 859Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля