Индер ауданында интеллектуалды сайыс жеңімпаздары анықталды

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен ағымдағы жылдың 18 маусымында Индер ауданы жастар ресуртық орталығының ғимаратында аудан жастарымен және студенттер арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды сайыс өтті. 


Жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу мақсатында өткен сайысқа аудандық жастар ресурстық орталығының атынан «Жас қыран», «Әйіп қажы» мешіті атынан «Мұхаммед үмметі» және Орталық атынан «Ғибрат» тобы қатынасты. 


Аталмыш сайысқа Орталық маманы Қ.Кәрім, «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Е.Қамзағалиев, «Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы Е.Сағынов және аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Нариманова қазылық етті. 


Сайыс нәтижиесінде білімділігімен, шапшаң жауап беруімен көзге түскен «Мұхаммед үмметі» тобы І орынды иеленді, ІІ орынды «Ғибрат», ІІІ орынды «Жас қыран» тобы еншіледі. Белсене қатысқан топтар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

0

Автор публикации

не в сети 4 недели

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 857Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля