Конфессияаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі

Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл жерде зайырлылық туралы айтатын болсақ, біздің елімізде ешбір дін азаматтар үшін ұстануға міндетті емес екендігін білдіреді. Әркім өз дінін таңдауға құқылы. Дін мемлекеттен бөлінген. Бірақ олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста. Мемлекет діни ұйымдардың істеріне араласпайды, бірақ олардың қызметін бақылайды. Зайырлы мемлекеттің қысқаша түсініктемесі осындай. Қазақстан өз ішіндегі діни бірлестіктердің өзіндік құндылықтарын құрметтейді және оларға өз ережелеріне сәйкес әрекет етуге мүмкіндік береді, олардың діни талаптар мен нормаларға сәйкес ұйымдастыру және басқару құқығын растайды. Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінген қағидатын жоғарыда айтылғандай түсіндіру дегеніміз оларды және және діндарларды қоғамдық өмірден шеттету деген сөз емес. Дін ұстанушы жамағат та Қазақстан Республикасының толыққанды азаматтары, ал діни бірлестіктер мен сол жолдағы адамдардың әлеуметтік пайдалы қызметі айтпаса да түсінікті: олар қайырымдылық, мәдени-ағартушылық, гуманитарлық қызметті жүзеге асырудың маңызды қатысушылары болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік мәселелерді шешуге діни бірлестіктерді тартып, бірлесіп жұсмыс істеуге шақырады. Мысалға айтар болсақ, алкоголизм мен нашақорлық, қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту, қоғамда жоғары рухани және адамгершілік ахуал құру секілді маңызды істерді дін адамдарының көмегінсіз жүзеге асыру қиын. Діни бірлестіктер мен мемлекет өз қызметінде, мысалы дін адамдарының құлшылық жасаулары мен мемлекеттің басқару функциясын жүзеге асыруында бір-біріне тәуелсіз және бір-бірінің қызметіне араласпайды. Бірақ сонымен бірге олардың ортақ міндеттері де бар, бұлар аталған екі құрылымдардың ынтымақтастығын қажет етеді. Қазақстан әлемнің қазіргі заманғы зайырлы мемлекеттерінің қатарына кіреді және біздің елімізде дін саласындағы азаматтарымыздың құқықтары мен құндылықтары толық көлемде қамтамасыз етіледі.

Көріп отырғанымыздай, зайырлылық дегеніміз – діни саладағы үрдістерді бетімен жіберу деген сөз емес. Мысалы, мемлекет мемлекеттік және басқа білім беру мекемелеріндегі білімнің зайырлы сипатын қамтамасыз етеді, сәйкесінше білім беру мекемелерінде діннің сыртқы белгілерін қолдануға жол берілмейді. Әлбетте, біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Бұл біздің дәстүрлі жолымыз. Алайда біз зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біздің жастарымыз әділдік пен рухани тазалықты ұстанса, сондай-ақ олардың діни бағытын мемлекет бақылайтын болса, бұл өте маңызды әрі дұрыс қадам. Егер әртүрлі діни ағымдарды бақылаудан шығарсақ, бұл елдегі бірлік пен ынтымақтың орнауына кепілдік бола алмасы анық. Сондықтан мемлекеттің міндеті – діни бірлестіктер жұмысын ретке келтіру. Осы мақсатта 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңы қабылданып, уақыт өткен сайын жетілдіріліп келеді. Осылайша, зайырлылық қағидаты Қазақстанға мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласында тиімді басқарудың нақты мүмкіндігін береді. Ол дінаралық достық пен келісімге негізделген біздің қоғамымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Руслан ПАРАХАТОВ;

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля