Махамбет ауданы жастарына арналған семинар өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23 тамыз күні Махамбет ауданы жастар ресурстық орталығы ғимаратында жастарға арналған семинар өтті. 

          Жастар ортасында діни радикализм идеологиясының таралуын алдын алуға, дәстүрлі сана мен қоғамдық құндылықтарды нығайтуға бағытталған семинарға Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, теологы А.Мағазов, Махамбет ауданы «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов, Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ж.Дүйсембаев, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, облыстық АТТ түшесі Ұ.Төлегенов қатысты.

          Семинарды Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев ашып, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық рухани және мәдени құндылықтарды насихаттаудағы Ақпараттық-талдау орталығының жұмысымен таныстырды. Орталық теологы А.Мағазов жастардың жат ағымды дәстүрлі діннен қалай ажырату керектігін жеткізді.

          «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Иманғалиев «Дін мәселесінде жастарға дұрыс бағыт беру жолдары» тақырыбында сөз сөйлеп, қоғамға, ата-анаға, отанға адал қызмет ету де құлшылық болып саналатынын түсіндірді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов жастарға дін саласында мемлекеттің атқарып жатқан қызметтерін таныстыра келе, қандайда бір діни мәселе туындаса интернеттен немесе әлеуметтік желіден емес, дін саласының мамандарынан кеңес алу қажеттігін түсіндірді.

          Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаев биылғы жастар жылында жасалып жатқан барлық игі шаралардың мақсаты жастарды адасудан сақтауға, қоғамда өз орнын табу үшін жасалып жатқанын айтып, жастарды белсенді болуға шақырды.

           Жиын соңында қатысушыларға «Дүрбі», «Руханият әлемі» газеттері мен «Террористік сипатта жалған ақпарат таратушылар жазасыз қалмайды» атты бүктемелер таратылды. Қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға мамандар толыққанды жауап берді.

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля