Хиджабты талап етіп жүрген кімдер?

Хиджаб туралы дауды одан әрі көтеріп отырғандар радикалды деңгейі жоғары діни бағыттар. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов елімізде орамал тағуды талап етіп отырған 4 жамағат барын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. – Биыл хиджаб мәселесі ерекше талқыланып жатыр. Жалпы, даудың басы неден басталды? Хиджабтың дауы – теріс ағымдағылардың тарапынан туындады. Қазіргі жағдайдың өзін алып қарайтын болсақ, орамалға сұраныс тудырып отырған топтарды 4-ке бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, олар теріс ағымдағылар, орамалды 2003 жылдан бастап белсенді түрде талап етіп келе жатыр. Бүгінгі таңда теріс ағымдағылар жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырады. Солардың қатарындағы салафиттер орамал мен намазхана ашуды талап етуде 3 бағытта әрекет етіп жатыр: билікке қысым жасау, талап ету; өз сенушілеріне құқықтық әдістемелік көмек көрсету; өкілдікті билікке ұмтылып, сол арқылы билік тетіктерін қолдарына алу негізінде жағдай жасау.  – Егер теріс ағымдар сайлауға түссе, нені ұсынады? Біз соңғы сайлаудағы мажоритарлық жүйенің зайырлық тұрғыдағы механизмдерін жетілдіріп алуымыз керек. Өйткені бұл ағымдар келесі сайлауға дайындалып жатыр. Олар әлді әрі қаражаттары да баршылық. Жат ағымдағылар сайлауалды бағдарламасына «орамал тағуды» енгізеді, өйткені бүкіл мұсылман қауымының атынан ұсыныс жасағысы келіп отыр.  – Қай жаққа барарын білмей жүрген, фанатизмге берілген адамдар қатары көп… Екінші категория – микс-жамағат. Олар дәстүрлі мұсылмандар мен салафиттер екеуінің аралығындағы араласқан топ. Микс-жамағат бізде әртүрлі әлеуметтік жобалардың аясында қалыптасып жатыр. Мәселен, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда, көпбалалы отбасыларға баспана салып беруде, мешіттер салуда көпшіліктің көзіне түсіп жатады. Осы екі жақтың араласуынан құндылықтар бұзылып жатыр. Күндердің күні қайсысы дәстүрлі дін, қайсысы жат ағым екенін шатастыруымыз мүмкін. Яғни, дәстүрлі дін қай жерден басталып, қай жерден аяқталады деген сұраққа жауап бере алмай қалуымыз бек мүмкін. Бұл – өте қауіпті тенденция.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Хиджабты талап етіп жүрген кімдер? | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 6 дней

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля