ҰҚК: Экстремизм профилактикасы талқыланды
2025 жылғы 9 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жиналысы өтті. Іс-шараға арнаулы, құқық қорғау, орталық мемлекеттік және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың басшылары қатысты. Экстремизм профилактикасының жай-күйі мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ жарылғыш заттар мен олардың прекурсорларын террористік мақсаттарда қолдануға жол бермеу шаралары қарастырылды. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҰҚК: Экстремизм профилактикасы талқыланды | Қазақстандағы Ислам
