Әулиеата өңірі – руханиятымыздың қазығы қағылған өлке

Екі мыңнан астам жылдық тарихы бар Тараз қаласы өзінің өркендеу мен құлдырау кезеңін, жойқын соғыстар мен қайта өрлеу кезеңін бастан өткеріп, талай атауға да ие болды. Тарих қашанда өнегелі тұлғалар мен олардың өрелі істерінен құралады. Белгілі шығыстанушы ғалым Шоқан Уәлихановқа сенсек, Әулиеата қаласын қайта тұрғызған – Абылай хан. Жоңғар шапқыншылығынан соң Тараз қаласының қираған жұртынан, тек халық арасында «Әулие ата» атымен белгілі Шах-Махмуд Қараханның күмбезі, одан сәл әрірек Шамансұр-Дәуітбектің шағын кесенесі мен алыстағы қыратта Тектұрмас әулиенің мұжыла бастаған мазары қалған деседі. Бұл өлкені жоңғарлардан азат еткен соң, Абылай хан Қарахан күмбезінің жанынан қала салып, оны атауы ұмытыла бастаған «Әулие ата» атымен атауды жарлық етіпті. Осылайша, бүгінгі Жамбыл облысы 1939 жылы құрылғанға дейін бұл өлке Әулие ата атауында болған. Әулиеата өлкесінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, әрі Қазақ мемлекетінің іргетасы қаланған өлке ретінде ел тарихында алатын орны ерекше. Бір шеті Алатаумен иықтасып, енді бір қиыры Балқаш көлі мен иен даладағы Мойынқұм даласымен жалғасқан бұл мекен ықылым заманнан-ақ елдің құтты жеріне айналған. Осынау тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкенің көркеюі VIII-ХII ғасырларда Ислам дінінің енуімен тұспа-тұс келеді. Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ халқының рухани, мәдени өмірінде өсіп-өркендеу процесі жаңғырды. Ислам құндылықтары халқымыздың дүниетанымы, дәстүрі, ғұрпымен үндесіп, сан ғасырлар бойы қазақ мәдениетімен тұтасып, ел тарихының ажырамас бөлігіне айналды. Қазақ даласына Ислам дінінің келуімен ғылым, білім, сауда, өнер, сәулет саласында жаңа бетбұрыстар болып, қала мəдениеті жедел дами бастады. Облысымыздың аумағында орналасқан Тараз, Құлан, Мерке, Баласағұн сияқты қалалар өркениет орталықтарына айналды. Еліміздегі алғашқы мешіттер мен медреселер де осы қалаларда бой көтеріп, халықтың рухани жəне ғылыми дамуына өз үлесін қосты. Сондықтан да Тараз жерінің ел тарихында рухани орталықтардың бірі болғандығын зор сеніммен айта аламыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрі тағайындалды 04.04.2023 Құран оқудың сауабы 04.04.2023 Тарихымыздың алтын діңгегіне айналған бұл өлкеде бүгінде ежелгі дәуірлер мен орта ғасырлардан жеткен жүздеген тарихи-мәдени мұралар бар. Әулие ата өңірінен шыққан тұлғалар ғылым мен білімнің түрлі салаларында жемісті еңбек етіп, адамзат өркениетіне зор үлес қосты. Тарихи деректерде көне Тараздан әт-Тарази есімді көптеген ғұламалар шыққандығын көруімізге болады. Облыс орталығындағы мешітке сондай парасат иелерінің көрнектісі Һибатулла әт-Тарази есімінің берілуі де тегіннен емес. Араб деректеріне қарағанда ХІ-ХІІ ғасырларда Тараздан Махмұт бин Әли әл-Тарази, Әбу Тахир Мұхаммет ат-Тарази, Әбд Садық Ахмет ибн Хасан сынды көрнекті ғалымдар шықты. Тарихи жазбалар бұл ғалымдарды жоғары бағаландығын көрсетеді. ХІ ғасырда белгі ақын Жүсіп Баласағұни теңдессіз «Құдатғу білік» атты еңбегін жазып қалдырды. Тараз өңіріне қатысты алғашқы тарихи деректер осы ғалымдардың ғылыми мұраларында сақталды. Қазақ даласынан шыққан қай тұлғаны алсақ та дін мен дәстүрін насихаттап, жақсылықтың жаршысына айналған. Төл тарихымызды зерделей отырып, Исламның ұлттық болмысымыз бен қазақ халқының ел болып қалыптасуына зор үлес қосқанын көреміз. Бүгінгідей алмағайып жаһандық үрдісте өткеніміз бен өшкенімізді түгендеп, руханиятымыз бен тарихымызды тағылымға толы құндылықтармен толтыру – баршамыздың бүгінгі борышымыз болып отыр. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дін мен тарихымыздың байланысын терең зерделеу, Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы екенін қоғамға насихаттау, ұлттық тарихымыз бен елдік санамызды, ұжданды тұлғаларымызды саралап, олардың өмірі мен еңбектерін жас ұрпаққа үлгі ету. Мұны – тарихи сананы қайта түлететін парасат баспалдағына жасалған игі қадам деп есептеуге болады. Дәстүрлі исламды, дәстүрлі қазақ мұсылмандығын біз халқымыздың дүниетанымында ежелден негізі қаланған, ғасырлар бойы қолданыста болған, заманалар сынынан сүрінбей өткен рухани қағидалар мен ілімдер негізінде танимыз. «Дәстүрлі қазақ мұсылмандығы» түсінігінің аясында ұлтымыздың біртұтас рухани тәжірибесі толығымен қамтылады деп білген жөн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен әзірленген «Жеті рухани қазық» тұғырнамасындағы 7 негізгі басымдық ретінде имандылықты, отаншылдықты, білімділікті, ауызбіршілікті, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті, әділдікті белгіледі. Бұл жеті тұғыр қазақ даласында сонау Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи кезеңдерінен қалыптасып, үзіліссіз жалғасып келе жатқан біртұтас рухани ілімдер мен орныққан көзқарастар жүйесінің жалғасы. Ұлттың ар-ождан кодексі ролінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен, жыр-аңыздары мен мақал-мәтелдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыларынан айқын көрінеді. Еркебұлан АҚБАЙ, Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бөлім басшысы

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Әулиеата өңірі – руханиятымыздың қазығы қағылған өлке | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 1 неделя

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 872Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля