Жаңалықтар

5-сынып оқушысы терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан

5 сынып оқушысы Павлодар облысы соттарының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген. Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дархан Разуев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, Интернет арқылы «бомба туралы» электронды жалған хабарлама таратқаны үшін Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмаған тұрғынын анықтады. Ақмола облысында кәмелетке толмаған бесінші сынып оқушысы ұсталды. Ол Павлодар облысының соттары ғимаратына жарылғыш заттар қойылғанын электронық пошта арқылы хабарлаған. Қазіргі уақытта аталған істер бойынша тергеу жалғасуда», – деді ол министрлік баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Оның дерегінше, Қостанай облысында еліміздің бірқатар өңіріндегі әртүрлі нысанға 11 жарылғыш зат қойылғаны туралы Интернет арқылы хабарлама таратқаны үшін жас жігіт 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. «Жалпы, осы жылғы 8 айда сотқа 14 қылмыстық іс жолданды. 13 адамға сот үкімі шықты. Олардың жетеуі бас бостандығынан айыру, төрт адам бас бостандығын шектеу жазаларына тартылды. Бір азаматқа қатысты мәжбүрлі медициналық іс-шара қыбылданды», – деді Дархан Разуев. Не арқылы: https://www.inform.kz/

0

Автор публикации

не в сети 2 дня

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 984Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля