Қазақстан – бейбітшілік пен келісім бесігі

Ислам діні қашанда адамның абыройы мен ар — ожданын бәрінен де жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауға күш салады, әлеуметтік әділеттілікті қолдап, он сегіз мың ғаламдағы барлық тіршілік иесінің бірде — біреуіне қылдай да қиянатың жасалмауын қалайды.

Өйткені, Ислам дінінің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым – қатынастар орнатып, тыныштықта тату – тәтті өмір сүру. Өмірде пәктік пен ізгілікке негізделген, имндылық пен рухани тазалықты ту еткен Ислам дінінің Алла Тағала нұрымен санамызға сіңіруі бойынша, адам баласы мейірімді ісімен, көркем мінез — қылығымен, адал қарым-қатынасымен ғана Жаратушы Иесіне жақындай алады.

Сол себепті ақ ниетті баласы Исламды бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағаттылық, қайырымдылық  діні деп санайды, оның бүкіл әлем халқына бірін – бірі танысын, бір – бірімен ынтымақта болсын, достыққа өмір сүрсін деп Алла Тағала тарапынан түсірілгеніне шек келтірмейді.

Ислам – ақылдың, білімнің, мейірімділік пен жанашырлықтың діні. Сондықтан да теріс ағымның қаншалықты қауіпті екенін, олардың артында да үлкен күштердің теріс пиғылы тұрғанын ескерту – негізгі мақсат.

Ислам сөзі – «амандық, есендік, мойын сұну, бағыну, берілу» ұғымын білдіреді. Яғни ислам амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілген. Құранда бұл турасында:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِلْعَالَمِينَ  

«Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» (Әнбия-107),

– деп сан ғасырлар бойы мұсылмандар осы ерекшелікпен өз діндерін мақтан етіп, насихаттауда.

Құранда бейбітшілік мағынасын білдіретін «сәлам» сөзі көптеген аятта айтылуда. Өйткені Құран ынтымақ пен бейбітшілікті баса назарда насихаттайды.

Адам саналы жаратылыс иесі болғандықтан еріксіз түрде: Мен қайдан келдім? Қайда барамын? Бұл дүниеге не үшін келдім? Жаратушы бар ма? деп сұрақтар қояды.

Осындай сұрақтардың жауабын беру үшін Алла Тағала пайғамбарлар арқылы дін және заңдылықтар топтамасынан тұратын қағидалар жіберді. Міне сол қағидалар мен заңдылықтар тек ауыз екі  ғана емес, жазбаша түрде қасиетті кітаптармен де расталып отырды. Адамзатқа қанша елші  және кітап түскенімен сан ғасырға созылған тарихында әр алуан наным-сенім пайда болды.

Жер бетіндегі діндердің ешбірі бөлінушілікке жол бермегенімен адамдардың ойлау мен түсінік деңгейіне ешқашан да тосқауыл бола алмайды. Себебі, жоғарыда айтылған сұрақтарды әрбір діни сенімдегілер өзінше түсініп, түсіндіруге тырысады және мұның ақыры түрлі секталардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Ислам бізден үй ішінен үй тігіуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни-саяси топтың қолшоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады.  Сол себепті Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтайық.

Сөзімізді Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)   мына бір хадисімен аяқтайық: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өтте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін» (Тирмизи, Фитән 7).

Ислам діні салт-дәстүр, таным-түсінігімізбен біте қайнасып, болмысымызға етене жақын болды. Сондықтан кеңінен насихатталып, бірден тарады. Осылайша, кешегі он екі ғасырдан аса уақыт ішінде Ислам мұсылмандығымыздың мызғымас діңгегіне айналды.

Арман ИСАЕВ,

 Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 552Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля