Мақалалар

«Отбасылық тәрбие: оның мәні және қоғамдағы атқаратын рөлі»

Отбасы – қоғамның негізі, мемлекеттің іргетасы. Адамның дүниеге келіп, алғаш көз ашқаннан тәлім – тәрбие алатын алтын ұясы – отбасы. Сол себепті отбасындағы тәрбие  — жеке тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды және ең алғашқы қадам болып табылады.

Отбасылық тәрбие – ата-ананың балаға өмірлік бағыт – бағдар беруі, адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтарды дарытуы. Бала ес білген сәтінен бастап айналасындағы ересектердің іс- әрекетіне қарап өседі. Яғни, бала тәрбиесі – сөзден гөрі, үлгі арқылы іске асатын процесс.

Ата-ана – баланың алғашқы ұстазы. Сол себепті әрбір ата – ана өз перзентінің бойына жауапкершілік, адалдық, еңбекқорлық, сыйластық сынды қасиеттерді сіңіруге міндетті. Баланың бойына қандай тәрбие сіңсе, болашақта ол соны қоғамға қайтарады.

Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, отбасындағы тәрбиеден бастау алады. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі –  әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды.

Бір сөзбен айтқанда, отбасы — барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін,салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.

Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы рөлі зор. Себебі, әрбір отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Тәрбиелі отбасы – елдің болашағына салынған берік кірпіш. Тәртіпті, саналы ұрпақ – мықты мемлекеттің кепілі.

Отбасылық тәрбие – бұл жеке адамның емес, бүкіл қоғамның болашағына салынған инвестиция.

Бүгінгі ұрпақ еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ.

 

«Ақпараттық – талдау орталығының»

 басшы орынбасары  Қ.Құбайдоллаев

0

Автор публикации

не в сети 23 часа

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1224Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля