ҰҚК: Террористік қылмыс жасаған 7 адам сотталды
2025 жылдың шілдесінде ҰҚК материалдары бойынша 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін, жергілікті тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен әрекеттесе, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған. Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: ҰҚК: Террористік қылмыс жасаған 7 адам сотталды | Қазақстандағы Ислам
