Қазақстан Қытайға бір жарым мың киік береді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1.5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Қытайдың батыс бөлігінде жерсіндірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді.
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Қазақстан Қытайға бір жарым мың киік береді | Қазақстандағы Ислам
