Жастармен өткен келелі кездесу
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні Исатай ауданы «Жалын» мәдениет үйінде облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және мемлекеттің зайырлылық тірегін нығайту» тақырыбында кездесу болып өтті.
Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жұмажан Қадимов, «Шапағат» қоғамдық қорының Исатай ауданындағы теологы Хаван Нұрбол, аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы, зейнеткер Кабулова Гүлбану және мектеп оқушылары, соның ішінде жоғары сынып қыз балалары қатысты. «Нұршуақ» балабақшасының ұжымы «Тастанды бала» атты театрландырылған сахналық қойылымдарын қойып, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Кездесудің келесі бөлімінде әр мектептен келген қыз балалар ішінен үлгілі тәртібі, сапалы білімі және қоғамдық өмірдегі белсенді тірліктері үшін «Алғыс хаттармен» марапаттау рәсімі болды.
Қатысушылар тарапынан өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кездесу қонақтарынан тұжырымды жауаптар алды.