Жаңалықтар

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасы, оның Шығыс Ренессансындағы рөлі, еңбектерінің маңызы және идеяларының қазіргі ғылыммен сабақтастығы туралы айтылды. Сондай-ақ орталықтың сарапшылары мен ғалымдар «Қайырымды қала тұрғындары» трактатының философиялық мәні және ойшылдың өркениет тарихындағы рөлі туралы баяндамалар жасады. Дөңгелек үстел аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында сақталған әл-Фараби және басқа да ортағасырлық ғұламалардың еңбектеріне арналған тақырыптық көрме ұсынылды. Көрмедегі құнды мұралар қатарында әл-Фарабидің саясат пен әлеуметтануға қатысты философиялық ойлары жазылған «Саяси күнделік» және «Музыкалық салаға кіріспе» атты екі қолжазбасы болды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті | Қазақстандағы Ислам

0

Автор публикации

не в сети 21 час

admin

0
Комментарии: 0Публикации: 1225Регистрация: 21-06-2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Авторизация
*
*
Регистрация
*
*
*
Генерация пароля